Астанада ер адам мұнара кранға шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада ер адам мұнара кранға шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жіберілген.
"24 сәуірде сағат 11:39-да "102" арнасына ер адам мұнара краны үстіне шығып кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомство.
Tengrinews.kz оқырманы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан колхоздың 220 гектар жер теліміне қатысты жер дауы бойынша сот шешіміне наразы. Мәтінде бұл жер ер адамның отбасына тиесілі екені айтылған. 2002 жылы жер 2051 жылға дейін жеке кәсіпкерге жалға берілген. Ол отбасына табыстың 10 пайызын беруі керек еді, алайда кранға көтерілген адамның туысының айтуынша, жалға алушы алғашқы күннен бастап өз міндеттерін атқарудан жалтарған.
2021 жылдың желтоқсанында отбасы әкімдік оларды жер теліміне құқығынан айырып, оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкердің пайдалануына бергенін білген.
Енді ер адам Астанаға "әкімдіктің жеке кәсіпкерге жерді 30 жыл мерзімге жалға беру туралы шешімін заңсыз деп тану, сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу" талабымен келген.
Ер адам бүгін сағат 18:00-ге дейін шарттарды орындауды талап етеді. Әйтпесе, "өзін-өзі өртеп жіберемін" деп қорқытты.
"Мен қоңырауларға жауап бермеймін, келіссөздерден бас тартамын", - делінген талапта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!