Скриншот www.youtube.com сайтынан алынды
Астанада "Махаббат" тұрғын үй кешенінің наразылыққа шыққан тұрғындарын полиция ұстады деп хабарлайдыTengrinews.kz. Бұл туралыTengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы хабарлады. "Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары сот шешімімен өздерін пәтерлерінен шығарып жатқанына байланысты рұқсат етілмеген наразылық шарасын ұйымдастырды. Наразылық шарасына 8 азамат және 33 оқушы қатысты. Оқушылардың арқасында әртүрлі жазбадағы плакаттар жапсырылған. Ал үлкен азаматтар сол оқушыларға ілесіп жүрді. Рұқсат етілмеген наразылық шарасын өткізгені үшін олар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, түсініктеме алынды. Наразылық шарасы рұқсат етілмегендіктен бұл әкімшілік тұрғыда заң бұзушылық" - деді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова. "Ата-аналарымен бірге болуына байланысты балалар да бөлімшеге әкелінді. Кейіннен олар да, тұрғындар да босатылды. Қазір балалардың ата-аналары әкімшілік кодекстің 111-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзуға кірістіру") бойынша әкімшілік сотқа тартылмақ" - деді София Қылышбекова. Еске сала кету керек, "Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұған дейін де бірнеше мәрте наразылық шараларын ұйымдастырған. Наразылар 2009 жылы 400-ден астам адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келгендерін айтады. Алайда қожайын үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын тұрғындардан пәтерлерді босатуды талап етуде.
Астанада "Махаббат" тұрғын үй кешенінің наразылыққа шыққан тұрғындарын полиция ұстады деп хабарлайдыTengrinews.kz. Бұл туралыTengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы хабарлады.
"Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары сот шешімімен өздерін пәтерлерінен шығарып жатқанына байланысты рұқсат етілмеген наразылық шарасын ұйымдастырды. Наразылық шарасына 8 азамат және 33 оқушы қатысты. Оқушылардың арқасында әртүрлі жазбадағы плакаттар жапсырылған. Ал үлкен азаматтар сол оқушыларға ілесіп жүрді. Рұқсат етілмеген наразылық шарасын өткізгені үшін олар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, түсініктеме алынды. Наразылық шарасы рұқсат етілмегендіктен бұл әкімшілік тұрғыда заң бұзушылық" - деді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.
"Ата-аналарымен бірге болуына байланысты балалар да бөлімшеге әкелінді. Кейіннен олар да, тұрғындар да босатылды. Қазір балалардың ата-аналары әкімшілік кодекстің 111-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзуға кірістіру") бойынша әкімшілік сотқа тартылмақ" - деді София Қылышбекова.
Еске сала кету керек, "Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұған дейін де бірнеше мәрте наразылық шараларын ұйымдастырған. Наразылар 2009 жылы 400-ден астам адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келгендерін айтады. Алайда қожайын үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын тұрғындардан пәтерлерді босатуды талап етуде.