Астанада оқушы қыз соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада оқушы қыз соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кетті

Астанада соңғы қоңыраудан кейін оқушы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордалық ІІД өкілдерінің айтуынша, бүгін 18 жастағы Әйгерім Сұлтанованың анасы қызын жоғалғанын айтып, хабар берген. 

Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісінде Астанада оқушы қыздың жоғалғаны жайлы хабарландыру пайда болды. 25 мамырда Әйгерім үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Достар!! Танысымыздың қызы жоғалып кетті!! Түлек. Шамамен кешкі 21.00-де оны Астанадағы "Конгресс холл" маңында көргендер бар. Ұялы телефоны сөндірулі!! Әйгерім Сұлтанова. 87473301399. Репост!!!" деген жазба бүгін Facebook әлеуметтік желісінде таралды. 

ІІД өкілдері Әйгерім Сұлтанованың Астанадағы №31 мектептің оқушысы екенін хабарлады. "Қыздың қайда екенін анықтау мақсатында іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оның қайда екенін білетін куәгерлер де анықталу үстінде", - деп хабарлады полициядағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети