Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды © Тұрар Қазанғапов

Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Молдағұлова атындағы көшеде орналасқан жатақханада болған өрттен бір бала қаза тапты. Өрт туралы хабар кезекші бөлімге Астана уақыты бойынша сағат 14.08-де түскен. Өрт сөндірушілердің бірінші тобы оқиға орнына үш минутта жетті. Олар жатақханадағы бөлмелердің бірінде киімдердің, жиһаздардың және төбе жабындыларының өртеніп жатқанын анықтады. 

"Өртті сөндіру кезінде баланың денесі табылды, оның аты-жөні анықталған жоқ. Автосатылардың көмегімен 10 адам құтқарылды, арасында балалар бар. Төрт ересек адам мен екі бала ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттегілер.

Өрттің ауқымы 50 шаршы метрге тең, оны сөндіруге 10 техника мен 30 құтқарушы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығынның көлемі анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети