Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада өрт кезінде бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлия Молдағұлова атындағы көшеде орналасқан жатақханада болған өрттен бір бала қаза тапты. Өрт туралы хабар кезекші бөлімге Астана уақыты бойынша сағат 14.08-де түскен. Өрт сөндірушілердің бірінші тобы оқиға орнына үш минутта жетті. Олар жатақханадағы бөлмелердің бірінде киімдердің, жиһаздардың және төбе жабындыларының өртеніп жатқанын анықтады.
"Өртті сөндіру кезінде баланың денесі табылды, оның аты-жөні анықталған жоқ. Автосатылардың көмегімен 10 адам құтқарылды, арасында балалар бар. Төрт ересек адам мен екі бала ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттегілер.
Өрттің ауқымы 50 шаршы метрге тең, оны сөндіруге 10 техника мен 30 құтқарушы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығынның көлемі анықталып жатыр.