Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты. Бір адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты. Бір адам қаза болды Иллюстрация ©️ Тұрар Қазанғапов

Астанада өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан көліктің жолаушысы көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан көліктің жолаушысы көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында болған.

"Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп, Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Алайда, 52 жастағы жолаушы алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл жағдай бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бұған дейін желіде қаза тапқан әйелдің мектепте мұғалім болып жұмыс істегені, артында баласы мен мүмкіндігі шектеулі анасы қалғаны туралы ақпарат тараған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети