Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкіліне сілтеме жасап.
Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкіліне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. "4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.
Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата - аналары жұмыста болған", - делінген хабарламада.