Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды Фото clinsmir.ru сайтынан алынды

Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды, - деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитеті қоғамда үлкен шу тудырған Астана қаласында оқушының өз сыныптасын өлтіруіне қатысты іс туралы нақтырақ мәліметтерді жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды, - деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитеті қоғамда үлкен шу тудырған Астана қаласында оқушының өз сыныптасын өлтіруіне қатысты іс туралы нақтырақ мәліметтерді жариялады.

Кәмелеттік жасқа толмаған Олжахан Арлан Алматыдағы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының балалар бөліміне жатқызылды, - дейді Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитетіндегілер.

Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы 14 қараша күні қылмыстық іс қозғады. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Айыпталушының 14 жасқа, яғни қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа толмауына орай тергеу жұмыстары жалғасып, өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот сараптамалық, медициналық сараптамалар жүргізілуде. Осы қылмыстық іске орай Астана қаласы Білім басқармасының басшысына, оқушы қайтыс болған мектептің директорына сөгіс жарияланды. 

Еске сала кетейік, бұл оқиға Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болды. 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан білгісіз затпен ұрған. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған. Кейін сыныптасын  өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғаны жария етілді. Алғашында ол өзінің сыныптасын қаламсаппен ұрды деп хабарланса, кейін белгісіз затпен ұрғандығы туралы айтылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети