Астанада полицейлерге пара бермекші болған әскери қызметкер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлерге пара бермекші болған әскери қызметкер жазаланды © Tengrinews.kz

Астана қалалық соты полиция қызметкерлеріне пара бермекші болған әскери қызметкерге айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық соты полиция қызметкерлеріне пара бермекші болған әскери қызметкерге айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 28 қыркүйегінде әскери бөлімнің қызметкері құқық қорғау органдарына заңсыз түрде материалдық сыйақы ретінде ақша берген. Полициядағылар ол ақшадан бас тартып, сержантқа бұл үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен. Бірақ құқық бұзушы оның айтқанын елемей, полицейлердің көлігінің салонына ақша қойған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған ер адам кінәсін мойындады.

Астана қалалық әкімшілік сотының үкімімен сержан ҚР Қылмыстық-құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды және оған 200 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети