Астанада жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың мәліметінше, қашып кетпек болған тәртіп бұзушы Volkswagen Touareg тізгінінде мас күйде болған.
"35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. (...) Жүргізушінің мас болғаны анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.
Ер адам қарсылық көрсеткенде полицейлердің бірінің жарақат алғаны айтылады. Кейінірек ол ауруханаға жеткізілген.
"Ізіне полицейлер түскен кезде ол заң талаптарына жауап бермеген соң қызметкерлер оның акөлігінің дөңгелектеріне екі рет оқ атты. Бірақ тәртіп бұзушы мұны елемей, ары қарай оқ атылған дөңгелектерімен қаша берді. Тіпті оны жол қиылысында тоқтатуға тырысқан полицейді де қағып кетті", - деген еді осыған дейін ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram