Астанада психиатрлық ауруханадан қашып кеткен 29 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада психиатрлық ауруханадан қашып кеткен 29 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр © hhroop.ne

Астанада Ақмола облысындағы психиатрлық ауруханадан қашып кеткен науқас іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ақмола облысындағы психиатрлық ауруханадан қашып кеткен науқас іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 10 тамызда Ақмола облысы Зеренді ауданының ІІБ кезекші бөліміне психиатрлық аурухананың медбикесінен 9 тамызда шамамен сағат 12.00-де стационардан бір жігіттің қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Полициядағылардың айтуынша, қашып кеткен жігіт Астана қаласының 1987 жылы дүниеге келген тұрғыны.

"Қазір ер адамды іздестіру жұмыстарына арналған шаралар жүріп жатыр. Жігіттің туыстары мен таныстары анықталды. Біздің қызметкерлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қызметкерлеріміз Астанаға кетті", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Ақмола облысындағы психиатрлық аурухана Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеев ауылында орналасқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети