Астанада қонақүй өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қонақүй өртенді Куәгер суреті

Астанада "Торғай" қонақүйі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Торғай" қонақүйі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.

Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер оқиғаның суреттері мен видеосын жіберді. 

"12.17-де "Алматы" ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан бесқабатты "Торғай" қонақүйінен өрт шықты. Бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін тартылған мұржа өртенді. 12.23-те өрттің таралуы тоқтатылды, 12.26-да толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети