22 тамыз 2018 | 13:14

Астанада ірі жол апаты болды: BMW тізгінінде Әзірбайжан азаматы отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/Людмила Кравченко © facebook.com/Людмила Кравченко

Полиция өкілдері Астанадағы Сарайшық көшесінде бес көліктің жол апатына ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция өкілдері Астанадағы Сарайшық көшесінде бес көліктің жол апатына ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында қолданушылардың бірі 5 тамызда Сарайшық көшесінде бес көліктің жол апатына ұшырағаны жайлы жазған болатын. Қыз жазбасында құқық қорғау органы қызметкерлеріне шағымданған еді.

Полиция өкілдері жол апатын жасаған BMW жүргізуші Алиевтің Әзірбайжан азаматы екенін және оның сол күні төрт көлікпен соғысып қалғанын хабарлады.

"747 ТХА 01 мемлекеттік нөмірлі BMW маркалы көліктің жүргізушісі Алиев Э.Р-ге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 684-бабының негізінде 610-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады полициядағылар.

ІІД мәліметінше, іс Астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

"Сондай-ақ, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ол әкімшілік өндіріс ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети