Астанада сәбиін үй ауласына тастап кеткен келіншек табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сәбиін үй ауласына тастап кеткен келіншек табылды © Photo-julia.com

Астана полицейлері баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 сәуір күні баласын Ақмешіт көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына қалдырып кеткен әйел Ақтөбе қаласынан табылды. Ол жергілікті компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Ақтөбенің 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Тергеу амалдары барысында полицейлер күдіктінің 4 сәуір күні Астанаға жұмыс сапарымен келгенін анықтады. 22 сәуірде ол жалға алған пәтерінде ер бала босанып, оны көрпеге орап үйлердің бірінің алдына тастап кеткен. Келесі күні Ақтөбеге кетіп қалады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 119-бабына - "Қауіпті жағдайда қалдыру" сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бала 22 сәуірде сағат 22.00 шамасында табылған болатын. Нәресте балалар ауруханасына жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети