17 қыркүйек 2017 | 14:36

Астанада салынып жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті: 1 адам қаза болды, тағы біреуі үйінді астында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада салынып жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада салынып жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, салынып жатқан ғимарат "Шанхай" базарының маңында орналасқан.

"Автобуспен өтіп бара жатқанда көз алдымда салынып жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті", - дейді куәгер. Оның болжамынша, ғимараттың ішінде адамдар болған.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады.

Комитеттің мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 11.56-да жаңадан салынып жатқан ғимараттың бір бөлігі опырылып кетті.

"Төтенше жағдайдан алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті: бір адам қаза болды, бір адам ауруханаға жеткізілді және бір адам үйінді астында қалды. Адамдардың аты-жөні анықталып жатыр", -деді Иманқұлов.

"Үйінді астында қалған адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, онда барлығы үш құрылысшы жүрді", - деді Руслан Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети