Астанада сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті © pixabay.com

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды. Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды. Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 8 наурызда шамамен 18:00-де болған. Видеода әйелді пальма басып қалғанын түсірілген. Сатып алушы әйел өздігінен тұра алмаған. 

Астана полицейлерінің мәліметінше, осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша жүргізіліп жатыр екен. 

"Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - деді Астана ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Зардап шеккен әйел дене жарақатымен № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? (@incident_astana)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети