Астанада шетелдіктер ломбардты тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада шетелдіктер ломбардты тонап кетті Фото:depositphotos.com

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сільеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сільеме жасап.

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды.

"Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысты. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети