Полиция 26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында қансыраған адамның қалтасын ақтарған көк күртедегі ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Полиция 26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында қансыраған адамның қалтасын ақтарған көк күртедегі ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Айта кетейік, бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі ауруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: "Ол қансырап жатыр", "Жедел жәрдем шақырыңыздар", "Тиіспеңдер оған".
Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен. "Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері соққыға жыққан адамның кім екенін анықтап, ұстаған. Ол уақытша қамау изоляторына қамалды. Видеода зардап шеккен адамның қалтасын ақтарған адам мен соққыға жыққан адам екі бөлек болып шықты. Оған іздеу жарияланды", - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам "ашық түрде миы зақымданған" және "кеудесінен жарақат алған" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр
Еске салайық, ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған.
Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.