Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны қағып кеткен жүргізушінің аты-жөні анықталды

25 Мамыр 2015, 15:21
0
Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны қағып кеткен жүргізушінің аты-жөні анықталды - © Тwitter/@Remnew
© Тwitter/@Remnew

Астанада жаяу жүргіншілерге арналған өткелде оқушыны қағып кеткен Toyota Land Cruiser жүргізушісінің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайтыс болған бала 2003 жылы туған. Жүргізуші Астана қаласының тұрғыны, 1983 жылғы. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Қазір 345-бап бойынша "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелу немесе адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдаланғаны" үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер. Баспасөз хатшысының айтуынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 12 шамасында Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны көлік қағып кеткені хабарланған болатын. Иманов көшесі бойымен Петров көшесіне бағыт алған Toyota Land Cruiser Қажымұқан көшесімен қиылыста оңға бұрылып жатып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелде кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай