Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада су құбыры жарылды 09 желтоқсан 2015, 15:54

Астананың сол жақ жағалауында су құбырының жарылуынан бірқатар көшені су басты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астананың сол жақ жағалауында су құбырының жарылуынан бірқатар көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат сол жақ жағалауда Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында болды. Бірнеше минуттың ішінде жолдарды су басып, көшелердегі қозғалыс қиындады.

"Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды (су құбыры - шыныталшықты, диаметрі - 800 миллиметр). Қазіргі таңда апат болған жерге диспетчерлік бригада аттанды. Апаттың себебін анықтау мақсатында су тоқтатылды", - деп хабарлады "Астана Су Арнасы" кәсіпорнының баспасөз хатшысы Динара Ибраева.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram