Астанада сыныптасын өлтірген мектеп оқушысы жазаға тартылмайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада сыныптасын өлтірген мектеп оқушысы жазаға тартылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада сыныптасын өлтірген мектеп оқушысы жазаға тартылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ҚК 16-бабына сәйкес, кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған уақытында 14 жасқа жеткен тұлға тартылады. Кәмелет жасына толмаған Олжахан (күдікті - Авт.) 2001 жылы 17 сәуірде дүниеге келген және қылмыс жасаған уақытында қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеген, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды", - деп хабарлады Астана прокуратурасының өкілдері редакция сауалына жауабында.

Тергеу кезінде Олжаханның "ойда жоқта сыныптасымен қастық қарым-қатынас туып, оны тергеу кезінде анықталмаған пышақпен ұрған". Бұдан кейін екінші бала қайтыс болды. 

Прокуратура өкілдері Астананың денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қызметтік тұлғалардың өз міндеттерін лайықты түрде орындамағанын атап өтті. Олар астаналық психикалық денсаулық мәселелелері жөніндегі медициналық орталықтың есебінде тұрған Олжаханды жалпы білім беру бағдарламасына қосқан. Бұл дерек қалалық Ішкі істер департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 371-бабының 2-тармағымен тіркелді, сотқа дейінгі өндіріс ҚР ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жіберілді.

Еске сала кетейік, бұл оқиға Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болды. 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан білгісіз затпен ұрған. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған. Кейін сыныптасын өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғаны жария етілді. Алғашында ол өзінің сыныптасын қаламсаппен ұрды деп хабарланса, кейін белгісіз затпен ұрғандығы туралы айтылды.

Еске сала кетейік, бұл оқиға Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан қаламсаппен ұрды делінді, бірақ кейін оның анықталмаған зат екенін айтылды. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған. Кейін сыныптасын қаламсаппен өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғаны жария етілді. Оқиғадан кейін мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro