Тағы бір той кортежі Астана жұртын шошытты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Тағы бір той кортежі Астана жұртын шошытты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Теларнаның мәліметінше, елорданың қақ ортасында ойына келгенін істеген қонақтар ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының камерасына түсіп қалған.
"Тапа-тал түсте кезекті той кортежі елорда көшелерін басына көтеріп барады. Қонақтардың есіргені сонша, көліктен беліне дейін шығып, билеп тұр. Тіпті, бір жігіт қозғалысты тоқтатып қойып, көше ортасында кортежден сальто жасады", - деп хабарлады телеарна.
Айта кетейік, жылдамдықты үдетіп бірнеше жол ережесін бұзғандарды камерадан көріп қойған полиция жедел әрекет қолданған. Қауіпті шоу жасағандардың үстінен хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Дереккөз: КТК.