Астанада жерасты тоннеліне соғылған жолаушылар автобусына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жерасты тоннеліне соғылған жолаушылар автобусына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазір тексеру жүріп жатыр. "Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша басталды. Медициналық куәландыру қорытындылары бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мас болмаған. Оның тоннельге қандай себеппен соғылғанын тергеу анықтайды", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы Бараев көшесімен Республика даңғылына апаратын жерасты тоннелінде 18 қазанда шамамен 14.20-да болған. Полицейдің айтуынша, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.