Астанада төрт көлік жол апатына ұшырады: біреуі аударылып қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада Қорғалжын тасжолы ауданында төрт көлік жол апатына ұшырады. Олардың бірі аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қорғалжын тасжолы ауданында төрт көлік жол апатына ұшырады. Олардың бірі аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 сәуірде сағат 09:48 шамасында Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 37 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы бойымен келе жатып, жолақты ауыстыру кезінде көлікке жол бермей, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан көлік аударылып қалды", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, Toyota Land Cruiser Prado көлігі инерция салдарынан тағы екі көлікпен соқтығысқан.

Полиция департаменті зардап шеккендер мен құрбандар жоқ деп мәлімдеді. Қазір жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жолда аса сақ болып, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети