Астананың Алматы ауданында түнгі уақытта № 29 мектеп өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Астананың Алматы ауданында түнгі уақытта № 29 мектеп өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт туралы хабар диспетчер пультіне сағат 1.12-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі өрттің жайылуын 2.17-де тоқтатып, 3.14-те толығымен сөндірген.
"Өрт екінші қабаттағы акт залынан шыққан. Ғимараттың төбесі мен шатыры өртенген. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", - деп атап өтті Иманқұлов.
Өртті сөндіруге Астана қаласының өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 59 адамы жұмылдырылған. Қызметкерлер 16 арнайы техниканы іске қосқан. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.