Астанада тұрғын адам өлтіріп, кейін автобусқа мініп кетіп қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын адам өлтіріп, кейін автобусқа мініп кетіп қалған Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

26 тамызда түс ауа Уәлиханов көшесінен "Артем" сауда үйі маңында ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 тамызда түс ауа Уәлиханов көшесінен "Артем" сауда үйі маңында ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полицияның жеке құрамы бірден қылмыскерді іздеуге жұмылдырыған. Екі ер адамның арасында кикілжің туындап, соңы төбелеске айналғаны анықталды. Төбелеске қатысушылардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде қаза болған.

"Қылмыс куәгері полицияға күдіктінің қай бағытқа қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа мінгенін анықтап, іздеу бағатын нақтылаған", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде күдіктіні патрульдік полиция қызметкерлері Лесозавод ауданында ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Астана Полиция департаменті қылмыскерді табуға көмектескен елорда тұрғындарына алғысын білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети