Астанада тұрғын үй кешені лифтінде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үй кешені лифтінде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда? видео кадры

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде 14 жастағы жасөспірімнің бес жасар балаға шабуыл жасаған видеосы жұртты дүр сілкіндірді. Қазір ол жасөспірім қайда екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде 14 жастағы жасөспірімнің бес жасар балаға шабуыл жасаған видеосы жұртты дүр сілкіндірді. Қазір ол жасөспірім қайда екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, жасөспірім қазір стационарда ем қабылдап жатыр. Емдеу "медициналық стандарттарға сәйкес" жүргізіліп жатқаны айтылды.

Ведомство мәліметі бойынша, мәжбүрлеп емдеу тек сот-психиатриялық сараптама қорытындысы негізінде ғана тағайындалады. Оның мерзімі белгіленбеген: емдеуді тоқтату немесе ұзарту туралы шешімді сот дәрігерлік комиссияның қорытындысына сүйене отырып қабылдайды.

"Мәжбүрлеп емдеудің басты мақсаты - пациенттің психикалық денсаулығын қалпына келтіру, мінез-құлқын түзету және қауіпсіз түрде оңалту", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Жасөспіріммен психиатрлар, клиникалық психологтар және әлеуметтік бейімдеу мамандары жұмыс істейді. Әр алты ай сайын медициналық куәландыру жүргізіліп, оның нәтижелері сотқа жіберіледі.

Мұндай мекемелерде Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ белгілеген қатаң қауіпсіздік шаралары қолданылады. Пациенттерге тәулік бойы бақылау жүргізілетіні айтылды.

Айта кетейік, 12 мамырда Астананың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады.

"Соттың қаулысы бойынша, К.-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақылау жүргізілетін мамандандырылған типтегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", – деп хабарлады сотта.

Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети