Астанада тұрғын үй кешеніндегі лифт құлап, бір адам мерт болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үй кешеніндегі лифт құлап, бір адам мерт болды Фото:depositphotos.com

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырманы Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешеніндегі төтенше жағдай туралы хабарлады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде де ақпарат пайда болды.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауапты компанияның бір қызметкері көз жұмған.

"Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір пациенттің жағдайы орташа ауыр, екіншісі ауыр жағдайда. Біреуі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі көпжарақат бөлімінде жатыр. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Тұрғын үй кешенінің ауласында түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Ашулы тұрғындар компанияға шағым айтып, далаға шыққан.

Астана Полиция департаменті оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Данияр Капаров (@astana_pokazhet_)

"Лифт ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – делінген полиция мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Осы уақытта 2gis қосымшасында осы үйдегі лифттерге қатысты көптеген шағымды көруге болады. Астаналықтардың айтуынша, "Арыстан" тұрғын үй кешенінде мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда өлімге әкелген оқиға алғаш рет тіркелген.

Скрин: 2gis

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети