Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, бала жазым бола жаздады: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, бала жазым бола жаздады. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, бала жазым бола жаздады. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы редакцияның WhatsApp-нөміріне келді. Видео түсіндірмесінде қаптама кірпіш дүкеннің әйнек шатырына құлағаны айтылған.

"Үй әлі кепілдікте, бірақ сапасыз құрылысқа қатысты мәселелер жеткілікті. Бала өтіп бара жатты немесе шығып келе жатқан болса керек. Қыста пәтерлеріміздегі су қатып қалады, құрылыс салушыға бірлесіп жүгіндік, бірақ ешқандай шара қолданылмады. Жалпы проблемасы көп тұрғын үй кешені", — деп жазды Tengrinews.kz оқырманы.

Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала түскен. Ол басының самай бөлігінде жарақаттар алғанын айтып шағымданған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ем-шара жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети