Астанада тұрғындар түтін иісіне шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғындар түтін иісіне шағымданды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астаналықтар түнде ауада пайда болған қатты күйік иісіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар түнде ауада пайда болған қатты күйік иісіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сол жағалау тұрғындарына түтіннің иісі ерекше сезілген, олар мүңкіген иістің салдарынан тыныс алу қиындап, терезелерді ашу мүмкін болмағанын хабарлады. Қала тұрғындары қалада өрт шықты деп болжаған.

Алайда елорда әкімдігі иістің Ақмола облысынан шыққанын хабарлады.

"Ақмола облысы, Қаражар ауылында қураған ағаштар өртеніп жатыр. Оны сөндіріп жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Қаражар — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.

Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети