Астанада бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өткен автомобиль жүргізушісі үш оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өткен автомобиль жүргізушісі үш оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 қыркүйекте шамамен 13:20-да 21 жастағы жүргізуші Lexus маркалы көлікті басқарып Момышұлы көшесінің бойында Аманат көшесімен қиылысқан жерде бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп, кәмелет жасына толмаған бірнеше қызды қағып кетті. Оқушы қыздар оңнан солға, бағдаршамның жаяу жүргіншіге рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2007 жылғы екі қыз дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Жол апаты дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Жүргізуші Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Қалалық ІІД өкілдерінің айтуынша, жүргізуші ұялы телефонына алаңдап, тізгінді көзден таса қылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды.