18 ақпан 2015 11:58

Астанада үй ауласында Toyota Land Cruiser өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті оқиғаның куәгері ұсынды Суретті оқиғаның куәгері ұсынды

Астанада тұрғын үй ауласында Daewoo Nexia жанында орналасқан Toyota Land Cruiser автомобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада тұрғын үй ауласында Daewoo Nexia жанында орналасқан Toyota Land Cruiser автомобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 18 ақпанда сағат шамамен 05.00-де Кенесары 61/1 мекен-жайында Daewoo Nexia көлігінің маңына қойылған Toyota Land Cruiser автомобилінің өртенгені жайлы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут өткеннен кейін жетті. Өрт 9 минуттан кейін ауыздықталып, 05.22-де сөндірілді", - деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Аягөз Фазылова. Оның айтуынша, өртті сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның бес адамы жұмылдырылды. Көліктің өртену себебі анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ. 

Куәгерлердің айтуынша, үшінші автокөлікті көлік иесі әрең дегенде құтқарып алған. Айта кетейік, өрт үй ауласында шықты. "Бүгін 05.00-де өрт шықты, екі автокөлік өртенді, үшіншісі құтқарылды. Өрт сөндірушілер тез арада келсе де, азаматтардың мүлкін құтқара алмады", - деп хабарлады куәгер.

Еске сала кетейік, мұндай жағдай Астанада тұңғыш рет болып отырған жоқ. "Сарыарқа" велотрегінің маңында өткен жылдың желтоқсан айында автобус өртенді. Алдын ала мәліметке қарағанда, көліктің сымдарынан от шыққан. Бұл уақытта қоғамдық көлікте жолаушы болмаған. Сонымен қатар, қазан айында қаланың Орынбор көшесінде BMW автомобилі өртеніп кеткен болатын. Бұл автокөлікте де сымдардан от шыққаны айтылды. Ал өткен жылдың мамыр айында бір күнде екі бірдей автокөлік өртенді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети