Астанада ұялы телефон ұрлаған адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ұялы телефон ұрлаған адам видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Астанадағы дүкендердің бірінде ұялы телефон ұрланған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы дүкендердің бірінде ұялы телефон ұрланған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан Сарыарқа даңғылы,15 үйде орналасқан балаларға арналған тауарларды сататын дүкендегі телефонды ұрлаған сәт көрінеді. Дүкен иесінің айтуынша, ол басқа келушілермен сөйлесіп жатқанда, ер адам оның iPhone 6 телефонын ұрлап кеткен.

Дүкен иесі полицияға арыз жазды. Айта кетейік, осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері ұрланған ұялы телефондарды сатып алушыларды жазалайтын ережені енгізетінін айтқан еді. Сондай-ақ, олар ұрлыққа қатысты 2016 жылы бес айдың ішінде 4000 арыздың түскенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети