Астанада үзіліп түскен лифттен адамдарды құтқару кезінде түсірілген суреттер жарияланды

Tengrinews.kz редакциясы Астанадағы үзіліп түскен лифт ішіндегі адамдары құтқару сәті түсірілген фотосуреттерді жариялап отыр. 

Tengrinews.kz редакциясы Астанадағы үзіліп түскен лифт ішіндегі адамдары құтқару сәті түсірілген фотосуреттерді жариялап отыр. 

13 сәуір 18.50-де "Эдем палас" тұрғын үй кешенінде лифт жертөлеге үзіліп түскен болатын. Оның ішінде сегіз адам, алтауы ересек, екеуі бес және алты жастағы балалар болған. Лифт алтыншы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, сол жерде үзіліп, жертөлеге құлаған.

Реклама
Реклама

Адамдарды құтқару сәті.

Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлердің айтуынша, құлаған лифт ішіндегі адамдар тұншығып қалмауы үшін есікті саңылаулап отырған. 

Есікті полицейлер мен лифтке қарайтын қызметкерлер ашқан. Дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 306-бабы бойынша тіркелді.

Бүгін "Эдем Палас -1" және "Эдем Палас -2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары лифт мәселесін дереу шешуді талап ету үшін жиналды. Адамдардың айтуынша, мұндай оқиға алғашқы рет болып тұрған жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама