13 сәуір 2017 21:32

Астанада сегіз адам отырған лифт жертөлеге түсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© turkeyforfriends.com © turkeyforfriends.com

Астананың тұрғын үйлерінің бірінде сегіз адам кірген лифт құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астананың тұрғын үйлерінің бірінде сегіз адам кірген лифт құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, 18.50-де "Эдем палас" тұрғын үй кешенінде лифттен ақау шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. "Лифтте сегіз адам, алтауы ересек, екеуі бес және алты жастағы балалар. Лифт алтынышы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, бірінші қабатта үзіліп, жертөлеге құлаған", - делінген хабарламада. 

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер мен лифтке қарайтын қызметкерлер есікті ашқан. Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-ның 306-бабы бойынша тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети