Астанада Volkswagen Golf мінген қыз көпір қоршауына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Volkswagen Golf мінген қыз көпір қоршауына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Астананың солтүстік жағалауындағы Министрліктер үйіне қарай жалғайтын көпірде болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған, ол ауруханаға жеткізілді. Талқаны шыққан автомобиль эвакуатормен әкетілді.
©Tengrinews.kz
Оқиғаның куәгері болған BMW жүргізушісі сол жақтағы жолақпен қозғалып келе жатып, оң жақтағы жолаққа шыға бастағанын, сол уақытта айнадан артта келе жатқан Golf автомобилін байқағанын айтып берді. BMW жүргізушісі райынан қайтып, өз жолағына қайта оралады. Оның айтуынша, Volkswagen сағатына 100 шақырым болатын жылдамдықпен және шайқалып келе жатқан. BMW автомобилінен 20-30 метрге озып кеткен көлік жол жиегіне шығып, кейін көпір қоршауына барып соғылыпты. BMW жүргізушісінің болжамы бойынша, Volkswagen автомобиліндегі қыз тізгінге ие бола алмай қалған және тоқтайтын жолды байқамаған.
©Tengrinews.kz
Айта кетейік, таяуда Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі дәл осы көпірге соғысқан болатын. Сол уақытта автомобильдің төбесі жұлынып кеткен еді. Жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.