Астанада "Хан Шатырда" күзетшілердің ер адамды ұстаған сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Хан Шатырда" күзетшілердің ер адамды ұстаған сәті түсірілген видео пайда болды Видеодан алынған кадр

Астанада куәгерлер "Хан Шатыр" сауда орталығында болған жағдайды видеоға түсіріп алды. Видеоға күзетшілердің ұрыны ұстаған сәті түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада куәгерлер "Хан Шатыр" сауда орталығында болған жағдайды видеоға түсіріп алды. Видеоға күзетшілердің ұрыны ұстаған сәті түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 тамызда ер адам сауда орталығындағы бутиктердің бірінен парфюм ұрламақшы болған. Бутиктің күзет қызметкерлері сауда орталығының күзетшілерімен біріге отырып ер адамның бұл әрекетіне тосқауыл болған. Видеода ер адамның ұсталған сәті түсірілген", - делінген  "Хан Шатыр" сауда орталығы әкімшілігіндегілердің сауалға берген жауабында.

Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Бутик иесіне материалдық шығын өтелген.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, астаналық 24 жастағы жігіт ұсталды. Ол бутиктердің бірінің витринасында тұрған парфюмді алып, сөмкесіне салған. Сол кезде сауда орталығынан шығып бара жатқан сәтте оны күзетшілер ұстаған.

"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заттай дәлелдер тәркіленді. Ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети