Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына елордадағы зәулім үйлердің бірінің ауласында көлік алдында жалаңаш түскен қыздың суретін жолдады. Кадрлардан қыздың ішкиіммен және аяқ киіммен ғана тұрғанын көруге болады. Айта кетейік, Астанада кешкі уақытта ауа температурасы 10 градус суық болады.
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері эротикалық фотосетке қатысты пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекованың мәліметінше, жергілікті полиция қызметі құқықбұзушыларды анықтауға арналған іздестіру шаралары жүріп жатыр.
ІІД өкілдері заң бұзғандардың 10 тәулікке қамауға алынуы немесе әкімшілік айыппұл арқалауы мүмкін екенін айтып отыр.