Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып қалды Куәгерлер суреті

Астанада жедел жәрдем каретасы аударылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жедел жәрдем каретасы аударылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 10.00 шамасында Жеңіс және Бөгенбай даңғылдарының қиылысында болған.
Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем машинасы аударылып кеткен.


Куәгерлердің суреті


Оқиға орнына Tengrinews.kz тілшісі келген кезде, жедел жәрдем көлігін қайта орнына тұрғызған.


© Шоқан Алхабаев

Айта кетейік, маусымның соңында жедел жәрдем каретасы Уалиханов көшесімен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол апатына ұшыраған болатын. "Жедел жәрдем каретасы дабылын қосып келе жатса да, басқа көлік оған жол бермеген. Екі фельдшермен бір емделуші дене жарақатын алған. Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген автоның жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деді Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети