11 тамыз 2017 14:08

Астанада зергерлік дүкенге қарақшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада зергерлік дүкенге қарақшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Астанада зергерлік дүкенге қарақшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Дүкен елорданың оң жақ жағалауында - Бейбітшілік пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан. Дүкенге түскі уақытта қарақшылық жасалған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері барды.

Дүкен күзетшісінің айтуынша, дүкенді қара бетперде киіп алған ер адам тонап кеткен. Зергерлік дүкеннің күзетшісі екі рет оқ атқан. Ал қарақшылық жасаған ер адам оқиға орнынан жасырынып үлгерген.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети