Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды

Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 ақпанда шамамен 22.00-да Астана қаласының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түссіз жоғалып кеткен 1992 жылғы Е.О.Әубәкіровтің мәйіті табылды. Қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады елорда ІІД өкілдері. 

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама