05 ақпан 2016 10:36

Астанада 23 жастағы студент жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіров Ерасыл Әубәкіров

Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров жоғалып кетті. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) сол жағалауға қарай шығып кетті. Сол күйі оралған жоқ. Телефоны өшірулі. Емтиханға да келмеді!!! Үстінде қоңыр-көк күртесі мен қоңыр қалпағы бар. Бойы шамамен 175-180 сантиметр. Салмағы 70-75 келі шамасында", - делінген хабарламада.

"Ерасыл - интерн-хирург. Ортасында сыйлы. Жауапты, тәрбиелі адам. Темекі шекпейді. Ешқандай діни ағымдарға қатысы жоқ. Ол қарапайым ғана жақсы адам. Табуға көмектесіңіздер!", - деді жоғалып кеткен студенттің досы.

Ерасылды көрген адам болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(747) 024 81 29 - Әкесі, 8(707) 143 94 25 - Диас есімді досы. 

Астана ІІД жас жігіттің туыстарының хабарласқанын растады. "Кешеден бері іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети