Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті © Аstinfo.kz

Астанада жолаушыларға арналған шағын автобус өртенді, - деп хабарлайды Astinfo.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушыларға арналған шағын автобус өртенді, - деп хабарлайды Astinfo.kz.

23 шілде күні сағат 9.28-де Астанадағы ТЖД өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Пушкина, 9 көшесінде шағын автобустың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барған кезде №109 жолаушылар автобусы өртеніп жатты. Жолаушылар шағын автобустан өздері түсіп кеткен.

Қызметкерлер оқиға орнына 4 минуттан соң жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Екі арнайы техника мен жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети