Астанада "Зүбаржат квартал" кешенінің ғимаратынан құлаған әйелдің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада "Зүбаржат квартал" кешенінің ғимаратынан құлаған әйелдің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полицейлер әйелдің аты-жөнін анықтады - ол Ақмола облысының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - делінген ІІД хабарламасында.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға бүгін сағат күндізгі 12-де болған еді. Әйел "Зүбаржат квартал" кешенінің ғимаратының балконынан құлап кетті. Бұл жерде ұлттық және жеке компаниялардың кеңселері орналасқан.