Астанадағы автобус апаты: Жүргізуші ыстықтан өзін жайсыз сезінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы автобус апаты: Жүргізуші ыстықтан өзін жайсыз сезінген Апат болған орын.

Астанада автобус апатына кінәлі жүргізуші өзін-өзі жайсыз сезінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус апатына кінәлі жүргізуші өзін-өзі жайсыз сезінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізушінің айтуынша, ыстықтан ол өзін жайсыз сезініп, тізгіннен айырылып қалып, соқтығысқан", - деді Астана ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова. Сонымен қатар, жүргізушінің бүгін маршрутқа таңғы 5:30-да шыққаны және жол-көлік оқиғасы кезінде мас емес екендігі белгілі болды. Ер адам 1964 жылғы, жүргізу тәжірибесі 10 жылдан артық. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан 23 адам зардап шекті, олар түрлі жеңіл жарақат алған, тек кейбірінің аяқ-қолдары сыныпты. Қаза болғандар жоқ.

Механиктердің мәліметінше, автобус жаңа және жол-көлік оқиғасы кезінде техникалық жағдайы жақсы болған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Еске салайық, осыған дейін Астананың сол жағалауында №10 автобустың бағанға соғылғаны хабарланған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети