Астанадағы бір балабақшада 10 бала белгісіз ауру жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы бір балабақшада 10 бала белгісіз ауру жұқтырған © "Астана" телеарнасының кадры

Астанадағы №36 бақшаға бір күнде он бала келмей қалды. Ата-аналар сәбилердің астан улануы мүмкін дейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы №36 бақшаға бір күнде он бала келмей қалды. Ата-аналар сәбилердің астан улануы мүмкін дейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Кеше кешкісін Динара Салихованың 5 жасар қызы сырқаттанып, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар ішек инфекциясы деген диагноз қойып, дәрі жазып беріпті. Кешкісін тәбеті болмаған. Ал түнгі сағат екіде қызуы көтеріліп, құсып, іші өткен.

Балабақша басшылығы аудандық тазалықты қадағалау бөліміне жағдайды хабарлаған. Мамандардан ешқандай дабыл хабар түскен жоқ екен. Әзірге бөлмені жуып-шайып, залалсыздандыру туралы кеңес берумен шектелген.

"Ол топта балаларды ұстауға бола ма деп сұрағанымда, болады деді. Кеше 20 бала келген. Он бүлдіршін ауырып қалды, өзгелері балабақшада", - дейді №36 бала бақша меңгерушісі Нағима Жұмабай. 

Ал кешкісін балабақшаға қалалық білім бөлімінің өкілдері келген. Мекемеде болып мән-жаймен жете танысты. Тиісті тексеру жүргізіле бастағанын айтты.

"Анық-қанығын біліп алған соң, шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады өз кезегінде Астана қалалық білім басқармасының бөлім бастығы Ләззат Оразбекова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети