Астанадағы құрылыста төртінші қабаттан құлаған жұмысшы аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы құрылыста төртінші қабаттан құлаған жұмысшы аман қалды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Астанадағы құрылыста жұмысшы төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы құрылыста жұмысшы төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 14 мамыр күні елорданың Алматы ауданында орын алған. Сағат 10.43 кеткенде жаңадан салынып жатқан "Әулие-Ата" тұрғын-үй кешенінің құрылысында төрт қабатты биіктіктен тас қалаушы құлап кеткен. "ДаДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін 1996 жылы туылған ер жігіт түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

Еске сала кетейік, 2014 жылы сәуір айында Астанадағы құрылыста алты жұмысшы биіктіктен құлап, жарақат алған. Бұл оқиғаның бірі Алматы ауданындағы Обаған және Нажметдинов көшелерінің қиылысында болған. Құрылыс жұмыстарын жүргізер кезде үш қабатты биіктіктен "Фасад Экспо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін 1990 және 1992 жылы туылған екі жігіт құлап, түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети