Арнайы комиссия Астанадағы "Көркем" Тұрғын үй кешеніндегі құрылысшылардың биіктен құлауына қатысты кінәлілерді анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астанадағы Еңбек инспекциясы басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Қайрат Ысқақов хабарлады.

"Комиссия болған оқиғаға "Ұйғұр-1 Астана" ЖШС кінәлі деп қортынды шығарды. Бұл серіктестік құрылысқа қажетті ағаштарды мемлекеттік талапқа сай ұсынбаған. Сондай-ақ, "Элипс Со" ЖШС құрылысқа қажетті ағаштарды берік орнатуға қатысты талаптарды ескермеген, - дейді Ысқақов.
Оның айтуынша, қазір бұл іске қатысты материалдар айыптыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласының Ішкі істер департаментіне жіберілді. "Жұмысшыларға залал тигізгені үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша 937, 938-баппен іс қозғалды" - дейді ол.
Еске салайық, 25 сәуір күні Астанада "Көркем" Тұрғын үй кешеніндегі құрылыс алаңында көлемді металл конструкциясы опырылып, 18 адам түрлі жарақат алған болатын. Зардап шеккендердің 11-і ауруханаға жатқызылған. Артынша осы оқиғаға қатысты "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.