Астанадағы “Арыс“ көпірінде жүргізуші қауіпті шоу жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы “Арыс“ көпірінде жүргізуші қауіпті шоу жасаған polisia.kz

Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей тұрғынын жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей тұрғынын жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азамат достарымен бірге Арыс көпірінің автожол бөлігінде серуендеп, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Алайда интернеттегі "атақ" оны жауапкершіліктен босатқан жоқ.

"LADA PRIORA автокөлігінің жүргізушісі туған қаласына оралған соң, бірден ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу", - делінген хабарламада.

Көпірде жаяу жүрген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети