Астанадағы №10 автобустың есін жоғалтқан жүргізушісінің демалуға уақыты мол болған. Бұл туралы №1 автобустар паркінің төрағасы Сәбит Болатов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы №10 автобустың есін жоғалтқан жүргізушісінің демалуға уақыты мол болған. Бұл туралы №1 автобустар паркінің төрағасы Сәбит Болатов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ол жұмысқа шығардың алдында үш күн демалды. Яғни ол бейсенбі, жұма, сенбі демалып, тек жексенбі күні ғана жұмысқа шықты", - деді Болатов тілшілердің Астанадағы жол-көлік оқиғасы туралы сұрағына жауап бере отырып.
Ыстық ауа райы кезінде есін жоғалтқан жүргізуші автобус паркінде 20 жылдан артық жұмыс істеген.
"Танертең ол кезекшілігінің алдында медициналық тексерістен өтті, бәрі жақсы болатын. Жыл сайын өткізілетін тексеруден ол сәуір айында ғана өтті. Яғни, жол апатына ұшырайтындай ештеңе болған жоқ. Дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді, мас болмаған. Кондуктормен сөйлестік, үш айналым жасаған соң тамақтанып, қайтадан шыққан. Жол апаты содан кейін болған", - деді кәсіпорын басшысы.
Ол ТЖ жөндеу жұмыстарынан болды дегенді теріске шығарды, сонымен қатар жүргізуші отырған жерде желдеткіш болғанын мәлімдеді. "Біз жүргізушілердің жағдайы жақсы болу үшін бәрін жасаймыз - бұл ең маңыздысы", - деді Болатов.
"Ол есінен танып қалды, бұл бәрінің басында болуы мүмкін жағдай", - деп сөзін қорытындылады ол.
Осыған дейін хабарланғандай, 9 шілдеде Астананың сол жағалауында №10 автобус бағанға соғылған болатын. ІІД мәліметінше, 23 адам зардап шекті, олар түрлі жеңіл жарақат алған, тек кейбірінің аяқ-қолдары сыныпты. Қаза болғандар жоқ. Механиктердің мәліметінше, автобус жаңа және жол-көлік оқиғасы кезінде техникалық жағдайы жақсы болған.